Ақмола облысында парақор басшы жеңіл жазамен құтылды

Фотография - Ақмола облысында парақор басшы жеңіл жазамен құтылды

Сотта азамат М. өз қызметтік бабын пайдалана отырып, алдау жолымен, Шортанды кентінде жер алып беру үшін үш азаматтан ақшалай 300000 теңгені иеленгені анықталды.

222 0

Ақмола облысы Шортанды аудандық соты мемлекеттік қызмет және басқару тәртібі мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлыққа байланысты ауыр қылмыс жасағаны үшін "Жер кадастры ғылыми өндірістік орталығы" РМК-ның Шортанды аудандық бөлімі басшысының міндетін атқарушысына қатысты қылмыстық іс қарады, деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметінен.
Сотта азамат М. өз қызметтік бабын пайдалана отырып, алдау жолымен, Шортанды кентінде жер алып беру үшін үш азаматтан ақшалай 300000 теңгені иеленгені анықталды.

Сот үкімімен азамат М. ҚР ҚК 190-бабының 3-бөлімі 2 және 3 бөлімшелері (алаяқтық) бойынша кінәлі деп танылды. Сот шын ниетпен өкінуін, келтірілген мүліктік залалды өз еркiмен өтегенін, сотталушының  қарауында кәмелетке толмаған баланың болуын ескере отырып, ҚР ҚК 55-бабының 4-бөлімі (Белгілі бір қылмыстық құқық бұзушылық үшін көзделген жазадан гөрі неғұрлым жеңiл жаза тағайындау) қолдануымен, оған 2 378 400 теңге көлемінде айыппұл және мемлекеттік қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыру жазасын тағайындады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!