БҚО-да жыл басынан бері 329 адам құтқарылды

Фотография - БҚО-да жыл басынан бері 329 адам құтқарылды

БҚО ТЖ департаменті күштері биылғы тоғыз айда 1128 рет (2014 жылы осы мерзімде - 1202) шұғыл атқа қонып, 329 адамды құтқарып (былтырғыдан 0,3 пайызға аз), 883 адамды (27 пайызға кем) қауіпсіз жерге көшірді.

369 0

БҚО ТЖ департаменті күштері биылғы тоғыз айда 1128 рет (2014 жылы осы мерзімде - 1202) шұғыл атқа қонып, 329 адамды құтқарып (былтырғыдан 0,3 пайызға аз), 883 адамды (27 пайызға кем) қауіпсіз жерге көшірді.

Департамент бастығының орынбасары, өртке қарсы қызмет полковнигі Жарқын Фазыловтың айтуынша, батысқазақстандықтар биылғы сәуірде Ақмола облысында су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетуге, мамырда Атырау қаласында нөсер жаңбырдың салдарын жоюға қатысты.

Талдау көрсеткеніндей, өрттің негізі бөлігі (70 пайызы) тұрғын үйлердің үлесіне тиеді. Соның салдарынан 4 адам қаза тауып, 15-і жарақат алды. Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында екі рет облыстық айлық, басқа да шаралар ұйымдастырылды.

Табиғи өртті болдырмау бағытында да тиісті шаралар қолға алынуда. Биыл облыс әкімдігінің қолдауымен 21 млн. астам теңгеге 80-ге жуық инженерлік және өрт сөндіруге бейімделген техника сатып алынды. Тоғыз айда 44 табиғи өрт тіркелсе, соның 33-і орман, 9-ы дала өрті болып есептеледі. Аталған техникалар осындай өрт кезінде барынша пайдаланылды.

Өңірлерді дамыту бағдарламасы аясында Теректі ауданы Барбастау өзенінде "Ұзынкөл" су қоймасын күрделі жөндеу биылғы жыл соңында аяқталмақшы. Сондай-ақ көктемгі су тасқыны кезінде Жайық өзені арнасын өзгертіп, республикалық маңызы бар Подстепный-Елек автожолы мен Бөрлі ауданы Облавка ауылына қауіп төндірген болатын. Осы тұстағы жағалауды бекіту жұмыстарына 1,2 млрд. теңге бөлініп, бұл да тәмамдала келді. Иесіз су қоймаларын коммуналдық меншікке беру қолға алынуда.

Өкінішке қарай, адамдардың судан ажал табуы көбейіп кетіп отыр. Жыл басынан бері су қоймаларында 29 төтенше оқиға (2014 жылғы 9 айда - 23, өсім - 22 пайыз) тіркеліп, соның салдарынан 30 адам (2014 жылғы осы мерзімде - 24, өсім - 21 пайыз) суға кетті. Соның ішінде кәмелетке толмағандар 2014 жылы алтау ғана болса, биыл 13-ке жетіп, 2,2 есеге өсті. Құтқарушылар 31 адамды судан алып шықса, соның 8-і - балалар.

Жалпы, жыл ішінде облыс кәсіпорын-ұйымдарында 112 кешенді, 49 командалық-штабтық, 628 нысандық, 405 тактикалық-арнайы, апатты жағдайлар бойынша 112 жаттығу өткізілді.

Батыс Қазақстан Ресейдің бес бірдей облысымен шектесетіндіктен, табиғи және техногендік сипаттағы трансшекаралық төтенше жағдайлардың алдын алу бағытында ресейліктермен бірлескен шаралар жыл сайын ұйымдастырылып келеді. Соның нәтижесінде төтенше жағдайлардан (өрттен) келетін материалдық шығын 56,1 пайызға азайды.

Апаттық-құтқару жұмыстарының сапалылығы өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың кәсіби деңгейіне тікелей байланысты. Сондықтан олардың кәсіби шеберлігін шыңдауға үнемі көңіл бөлінеді. Мысалы, құтқарушылар Беларусь пен Ақтөбе қаласында кәсіби деңгейді арттыру курстарынан өтті. Алдағы уақытта оларды альпинизм курстарына қатыстыру жоспарлануда. Айта кетейік, батысқазақстандық құтқарушылар ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің «Таңбалы тас Астана» оқу-жаттығу полигонында өткізілген "Қазқұтқару-2015" жиын-семинарында бірінші орынды иеленді.

"Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың "Нұрлы жол - болашаққа барар жол" атты Жолдауында барша қазақстандықтарды бірлікті бекемдеп, аянбай тер төгіп, еңбектенуге шақырғаны белгілі. Осы орайда БҚО ТЖ департаментінің қызметкерлері де өз міндеттерін абыроймен орындауға күш сала беретін болады", деп түйіндеді ойын Ж.Фазылов.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!