Астанада қарағандылық тауар өндірушілердің жәрмеңкесі өтті

Фотография - Астанада қарағандылық тауар өндірушілердің жәрмеңкесі өтті

Елордада "Хан шатыр" СОО алдындағы алаңда кезекті ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтті. Екі күн бойы астаналықтарға Қарағанды облысының тауар өндірушілері өз өнімдерін ұсынды деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты

159 0

Елордада "Хан шатыр" СОО алдындағы алаңда кезекті ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтті. Екі күн бойы астаналықтарға Қарағанды облысының тауар өндірушілері өз өнімдерін ұсынды деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Жәрмеңкеде көкөніс, ет және сүт өнімдері, жұмыртқа, сұйық май, бал, сондай-ақ, нан-тоқаш өнімдері мен кондитерлік өнімдер сатылды. Ұсынылған өнімдер нарық бағасынан 15-20 пайыз арзан бағамен сатылған және тұтынушылардың сұранысына ие болды. Тауар өндірушілер жалпы сомасы 149,7 млн. теңгені құрайтын 850 тоннаға жуық өнім әкелген.

Қарағанды облысы Ауыл шаруашылық басқармасының басшысы Бауыржан Асановтың айтуынша, жәрмеңкеде ет және еттен жасалған өнімдер – 45 тонна, сүт өнімдері – 8 тонна, 300 мыңға жуық жұмыртқа, 230 тоннадай картоп, 160 тонна көкөністер мен бақша дақылдары сатылған.

Сондай-ақ, жәрмеңкеде облыстың әртістері мен шығармашылық ұжымдарының қатысуымен арнайы концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!