Ә. Жақсыбеков: елордада әрдайым энергия болуы қажет

Фотография - Ә. Жақсыбеков: елордада әрдайым энергия болуы қажет

Бүгін Ә. Жақсыбековтың төрағалығымен Астана қаласы әкімдігінде өткен кезекті аппарат жиналысы барысында Тельман елді-мекеніндегі жарықтың өшірілуі, елорда тұрғындарының электр және жылу көздерімен жалпы қамтылуы мәселелері талқыланды.

289 0

Бүгін Ә. Жақсыбековтың төрағалығымен Астана қаласы әкімдігінде өткен кезекті аппарат жиналысы барысында Тельман елді-мекеніндегі жарықтың өшірілуі, елорда тұрғындарының электр және жылу көздерімен жалпы қамтылуы мәселелері талқыланды. Әкім болашақта мұндай жағдайларды болдырмауды, елорданың тұрғын үйлері мен мекемелерінің энергиямен үзіліссіз қамтылуын тапсырды.

Инвесторлар тарапынан ұзақ мерзімде игерілмей қалған жер телімдерінің көрінісі де бірқатар сынға ұшырады. Аталмыш жер телімдері сазданып, аумақ күресінге, тұрғылықты мекен-жайы жоқ тұлғалардың жиналатын жеріне айналады. Әкім мәселелі жер телімдерінің толық тізімін жасап, жақын арада тиісті шараларды қолдануды бұйырды.

Аппарат жиыны барысында аула клубтарының жұмысын реттеу, мәдени-бұқаралық және демалыс шараларының ұйымдастырылуы, жалпы Астананың жастар саясатының нәтижелілігі талқыланды.

- Бұл салада формализм мен бюрократияның көлеңкесі де болмауы қажет. ЖОО, жатақханалар, тұрғылықты мекен-жайлар бойынша белсенді жұмыс ғана болуы шарт. Бұған үлкен қаражаттың қажеті жоқ – шығармашылық ізденіс пен жаңа қарым-қатынас үлгісі керек. Елорда қызықты пилотты жобалардың бастамашысы, өзге өңір жастары үшін үлгі болуы керек, - деді Ә. Жақсыбеков.

astana.gov.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!