Ақмола облысының диқандары егін орағын толық аяқтады

Фотография - Ақмола облысының диқандары егін орағын толық аяқтады

Ақмола облысының диқандары барлық 4 миллион 147,5 мың гектар егіс алқабында күзгі жиын-терін жұмыстарын толық аяқтады. Бұл туралы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының диспетчері хабарлады

704 0

Ақмола облысының диқандары барлық 4 миллион 147,5 мың гектар егіс алқабында күзгі жиын-терін жұмыстарын толық аяқтады. Бұл туралы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының диспетчері хабарлады.

"Бүгінгі күні облыс бойынша барлығы 4147,5 мың гектар алқаптың егіні бастырылып, 4632,7 мың тонна астық қамбаға құйылып алынды. Сондай-ақ,  келер жылдың егісі үшін 532,3 мың тонна тұқым құйылды.

Облыс бойынша әр гектардан орташа 11,2 центнерден астық жиналды. Ал Сандықтау және Зеренді аудандарында бұл көрсеткіш 15 центнерге жетті",- деп көрсетілген хабарламада.

Еске сала кетсек, биылғы жылы облыс бойынша себілген ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы көлемі 4547,9 мың гектарды құраса, оның 4147,5 мыңы дәнді және дәнді бұршақ дақылдарына тиесілі. Сонымен қатар, 244,3 мың гектар майлы дақылдар, 132,8 мың гектар мал азығы, 18,7 мың гектар картоп және 4,4 мың гектар көкөніс те отырғызылған болатын. Қазіргі кезде облыста ауыл шаруашылығы бойынша күзгі жиын-терім жұмыстарын толық аяқталып отыр.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!