Қазақстанда болу ережесін бұзған Македонияның 10 азаматы ұсталды

Фотография - Қазақстанда болу ережесін бұзған Македонияның 10 азаматы ұсталды

Көліктегі ІІД Көші-қон басқармасының қызметкерлері Астана қаласының әуежайында Қазақстан Республикасында тіркелмей бір айдан астам уақыт бойы жүрген Македония Республикасының азаматтарын ұстады

295 0

Көліктегі ІІД Көші-қон басқармасының қызметкерлері Астана қаласының әуежайында Қазақстан Республикасында тіркелмей бір айдан астам уақыт бойы жүрген Македония Республикасының азаматтарын ұстады. 

Шетелдіктер Астана қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының шешімімен айыпты деп танылып, әрқайсысы 15 АЕК көлемінде айыппұл түріндегі әкімшілік жазаға тартылды.

Сонымен қатар, жоғарыда көрсетілген шетел азаматтарын уақытында тіркеуге қоймағандығы үшін оларды қабылдаушы мекеме де әкімшілік жауапкершілікке тартылып, ЖШС басшысына 10 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Ескере кететін жайт, жыл басынан бері көлік полицейлері Қазақстанда болу ережесін бұзған 2049 шетелдік азаматты ҚР ӘҚБтК 517 бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты. Оның ішінде 1857-і ТМД мемлекеттерінің, 192 адам алыс шетел азаматтары. 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!