Петропавлда алғашқы қар жауды

Фотография - Петропавлда алғашқы қар жауды

Ауаның температурасы түнде -2-ден 4-ке дейін төмендеді, деп хабарлайды "Қазгидромет".

207 0

Таңмен таласа ұйқыдан оянған солтүстікқазақстандықтар қара жерді ақ көрпеге қымтай ораған көк аспанның "елшісімен" қауышып, қылышын сүйретіп келген қахарлы қыстың ызғарын сезінгендей болды. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.
Жұртшылық 14 қазанды тағатсыздана күткен болатын. Өйткені, бұл күні христиандар жылда "покров день" мейрамын атап өтеді. Діни наным бойынша алдағы ауа райы осы мерекенің "көңіл күйіне" байланысты болжанатын көрінеді. Мәселен, осы күні күн жылы болса, мұндай ауа-райы 40 күнге созылады. Қар жауса, қоңыр күзбен қоштаса бер деген сөз.    Мұның өзі тәжірибеде нақпа-нақ келіп жүр.
13 қазанда түнде облыс аумағында қар аралас жаңбыр жауды. Ауаның температурасы түнде -2-ден 4-ке дейін төмендеді, деді "Қазгидромет" РМК СҚО бойынша филиалының метеоболжау бөлімінің басшысы Гүлзат Ғазизова.
Былтыр өңірде қар қазан айының соңында жауған болатын.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!