582

Алматы облысында дауылды ескерту жарияланды

Ауа температурасы түнде +2,+7-ден -3 градусқа дейін түсіп, күндіз +8,+13, +16 градусқа дейін ғана көтеріледі деп болжанып отыр
Фотография - Алматы облысында дауылды ескерту жарияланды

Алматы облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

"Қазгидромет" РМК болжамына сәйкес, 15-16 қазанда Алматы облысының кейбір аймақтарында жауын-шашын түседі. Таулы аймақтарда нөсер жауын қарға ұласуы мүмкін.

Ауа температурасы түнде +2,+7-ден -3 градусқа дейін түсіп, күндіз +8,+13, +16  градусқа дейін ғана көтеріледі деп болжанып отыр.