Маңғыстауда шамамен 2 мың ақбөкен қалды

Фотография - Маңғыстауда шамамен 2 мың ақбөкен қалды

2006-2008 жылы ҚР БҒМ "Зоология институты" Маңғыстау облысында аймақтағы жануарлардың барлығының санын анықтау мақсатында мониторинг және зерттеу жүргізді.

1833 0

2006-2008 жылы ҚР БҒМ "Зоология институты" Маңғыстау облысында аймақтағы жануарлардың барлығының санын анықтау мақсатында мониторинг және зерттеу жүргізді.  

9 жылдан кейін Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшылығы 2015-2017 жылдарға арналған мониторингтің екінші кезеңін өткізу бастамасын көтерді.  

"Адамдардың антропогендік әрекеті салдарынан кей жануарларға жойылу қаупі төніп тұр. Мәселен, жұп тұяқтылар.  1991 жылы Маңғыстау облысында 230-240 мың бас киік болған, ал 2006-2008 жылдары мониторинг популяцияның, 10,4 мың басқа 22,6 есеге азайғанын көрсетті. Облыстағы орман және аңшылық шаруашылығы инспекциясының мәліметінше, қазір ақбөкен саны 2 мың. 1991 жылы 5,8 мың арқар болса, қазір олардың саны мыңнан аз. Олардың саны 8 есеге кеміді. Шамамен 1,5 мың қарақұйрық бар. Бұлар да 1,7 есеге азайды", - деді Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Орынбасар Тоқжанов.

Мәселені шешу үшін браконьерлікпен күрес күшейтілді, жергілікті маңыздағы үш кешенді қорық құрылды. Олар: "Көлеңкелі", "Есет", "Манашы". Олар Бейнеу және Маңғыстау аудандарында орналасқан. Жалпы аумағы 433 мың 740 гектарды құрайды.

"Кіші қорықшалар шаруашылық қызметін жүргізуге жарамсыз жерде құрылды. Алайда онда көптеген жабайы хайуанаттар бар.   2 жылда бұл аумақта  473 рейд жүргізілді, 200-ден астам автомобиль тоқтатылды", - деп атап өтті О. Тоқжанов.

Қазір облыста орман мен жануарлар әлемін қорғау бойынша 2 мемлекеттік мекеме бар. Олардың жалпы аумағы 242,361 гектар. О. Тоқжановтың айтуынша, келесі жылдан Бозащы жартылай аралында үшінші орман шаруашылығын құру бойынша жұмыс басталады.  

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!