2016 жылдан мүгедектік бойынша жәрдемақы көлемі артады

Фотография - 2016 жылдан мүгедектік бойынша жәрдемақы көлемі артады

2016 жылдан бастап мүгедектік бойынша жәрдемақы көлемі артады. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінен хабарлады.

588 0

2016 жылдан бастап мүгедектік бойынша жәрдемақы көлемі артады. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінен хабарлады.

"2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мөлшері 25 пайызға артады", - делінген ведомство мәліметінде.

Сонымен қатар ақпараттық жүйелердің интеграциясы есебінен бір өтінім бойынша мүгедектер үшін бірнеше мемлекеттік қызметтердің нәтижелерін алу мүмкін болатындығы атап өтілді.

Министрлік халыққа әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін ары қарай реформалау аясында 2025 жылға дейін арнайы әлеуметтік қызмет көрсетудің біріктірілген моделін енгізуді жоспарлап отыр.

Жаңа модель аясында мұқтаж адамдар мен олардың отбасыларына жеке және кешенді қамқоршылық ұстанамы жүзеге асырылады. Ол үшін білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау жүйелерінің, сондай-ақ басқа да салалардың әлеуметтік жұмысшыларының қызметін үйлестіру тетігі жасалмақ. Бұл өз кезегінде «жалғыз терезе» арқылы мұқтаж адамдарға әлеуметтік қызметтер көрсетуге мүмкіндік береді.

Қазіргі кезде сауықтырудың техникалық тәсілдері тізбесін өзектендіру үшін ұсыныстарды жасау тұрғысында тиісті шаралар атқаралып отырған көрінеді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!