Елорданың кейбір көшелерінде орташа жөндеу жұмыстары аяқталды

Фотография - Елорданың кейбір көшелерінде орташа жөндеу жұмыстары аяқталды

Астана қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының хабарлауынша, биылғы жылы орташа жөндеу жұмыстары аясында 21 км қашықтықта өндірістік жұмыс жүргізілді, деп жазады елорда әкімдігінің ресми сайты

415 0

Астана қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының хабарлауынша, биылғы жылы орташа жөндеу жұмыстары аясында 21 км қашықтықта өндірістік жұмыс жүргізілді, деп жазады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Ағымды жөндеу жұмыстары аталмыш аудандарды қамтыды: Тұран даңғылы Керей Жәнібек хандары көшесінен Хусейн бен Талал көшесіне дейін; Тәшенов көшесінен Таха Хусейн көшесіне дейін; Брусиловский көшесі Абай даңғылынан тұйық көшеге дейін; Гете көшесі Республика даңғылынан Сапаржай автобекетіне дейін; Қарасай батыр көшесі Тынышбаев көшесі бойымен Аспара көшесіне дейін; Жансүгіров көшесі Абылайхан даңғылынан тұйық көшеге дейін; Игілік көшесі, Өндіріс елді мекені; Ғ. Мүсірепов көшесі Абылайхан даңғылынан тұйық көшеге дейін; Шевченко көшесі Кенесары көшесінен Сарыарқа даңғылына дейін; Жаңаконыс көшесі Бабатайұлы көшесінен Н. Тілендиев көшесіне дейін; Ш. Жиенқұлова көшесі (Фурманова көшесі) Бейсекбаев көшесінен Сембинов көшесіне дейін;  Оқжетпес көшесі; Көкжиек көшесі (Көктал-1) Болашақ көшесінен тұйық көшеге дейін; Заречный елді мекені ауданында №14 көшесі мен Еңбекшілер көшесі қиылысында; Абай даңғылы Республика даңғылынан Уәлиханов көшесіне дейін; Тілендиев көшесі Күмісбеков көшесінен жол айырығына дейін; Бейбітшілік көшесі Бөгенбай батыр даңғылынан Абай даңғылына дейін; Қарағанды көшесі Тараз көшесінен Әлімжанов көшесіне дейін.

Айта кету керек, орташа жөндеу жұмыстары аясында жолдың асфальт қабатын қалпына келтіру және жол жабындыларын түзету, сондай-ақ, бұзылған жол төсемдерін және басқа құрылыстарды қалпына келтіру секілді шаралар атқарылды. 

Бұдан бөлек, ағымдағы жөндеу жұмыстары 243 977 м2 болатын жол бөлігін қамтыды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!