Елордалық астық нарығына қатысушыларда 55 тоннаға жуық дәнді дақыл бар

Фотография - Елордалық астық нарығына қатысушыларда 55 тоннаға жуық дәнді дақыл бар

Бұдан бөлек, елордалық қорда азық-түлікке жіберілетін 2 тонна арпа және 359 тонна қарабидай сақталуда

222 0

Астана қаласының Статистика департаментінің хабарлауынша, 2015 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша, Астана қаласының астық нарығына қатысушыларының қолындағы 55 908 тонна астықтың 53 461 тоннасы азық-түлікке жіберуге арналған, деп хабарлайды Астана әкімдігінің баспасөз қызметі.

Бидай азық-түлікке жіберілетін дәнді дақылдардың (азық-түлікке жіберілетін жалпы астықтың 95,6%-ы) негізгісі болып табылады.Азық-түлікке жіберілетін астықтың басым бөлігі (93,9% ) қала элеваторларына жинақталған. Қаланың ұн тарту комбинаттарында қайта өңделетін 3072 тонна бидай бар.

Бұдан бөлек, елордалық қорда азық-түлікке жіберілетін 2 тонна арпа және 359 тонна қарабидай сақталуда.



Тегтер:

астана астық

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!