Астанада Қазақ хандығы тарихының кеші өтеді

Фотография - Астанада Қазақ хандығы тарихының кеші өтеді

Қазақ хандығының соңғы ханы Кенесары Қасымұлының ескерткіші алдында кеш өз мәресін табады

479 0

Астанада 15 қазан күні сағат 11:00-де Жәнібек пен Керей хандары ескерткіші алдында «Қазақ хандығының тарихынан...» атты кеші өтеді деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Қазақ хандығының соңғы ханы Кенесары Қасымұлының ескерткіші алдында кеш өз мәресін табады. Аталмыш шара Қазақ хандығының 550 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр. Шара Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясы және № 63 орта мектеп оқушыларының қатысуымен өтеді.

Аталмыш кештің мақсаты – оқушыларды ел тарихымен таныстыру, жас буынды ізгілікке, отансүйгіштікке баулу болып табылады.

Астана қаласының Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясының қызметкерлері оқушыларға Керей, Жәнібек, Кенесары хандарының ескерткіштері туралы және олардың авторлары жайлы танымдық баяндама жүргізеді. Сонымен қатар, Астана қаласы Суретшілер одағының төрағасы, танымал мүсінші Тоқтар Ермековпен кездесу өтеді. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!