Ақтөбеде туған қызын 700 мың теңгеге сатқан әйел баласын қайтарып алғысы келеді

Фотография - Ақтөбеде туған қызын 700 мың теңгеге сатқан әйел баласын қайтарып алғысы келеді

Ана құқығынан айырылған келіншек ювеналды соттан шешімді өзгертуін сұрауда.

486 0

Ақтөбеде 5 жасар қызын 700 мың теңгеге сатқан әйел баласын қайтарып алғысы келеді. Ана құқығынан айырылған келіншек ювеналды соттан шешімді өзгертуін сұрауда.

Бұл туралы timeskz.kz-ке сілтеме жасап nur.kz хабарлайды.

Өткен жылы сәуір айының ортасында Ақтөбенің орталық даңғылында орналасқан "Свеча" кафесінде әйел өзінің 5 жасар қызын сатып жіберген. Абырой болғанда, "сатып алушы" "Арлан" арнайы жасағының қызметкері болған. 5 жасар қызды анасы ер кісілер оны "Мега – Ақтөбеге" қыдыртып әкетеді деп алдаған. Сол күні анасы қыз баланы $7 мыңға сатқысы келген. Алайда садуаласу барысында құнын 700 мың теңгеге түсіреді.

Тергеу кезінде әйел полицейлерге қызын азаматтық некедегі сырқат күйеуін емдеу үшін сатпақ болғанын айтқан. Келіншектің бірнеше жыл бойы ішкілікке салынғаны анықталды.

Өткен жылы сот әйелді баласын сатқаны үшін 8 жылға бас бостандығынан айырған болатын. Жаза өз күшіне енгеннен кейін келіншек ана құқығынан айырылды.

Сотталушы Атыраудың әйелдер колониясында жазасын өтеуде.

"Біз бұл колонядағы әйелден бір жыл бойы хат алудамыз. Ол қызын қатты жақсы көретінін айтып, оған ана құқығын қайтарып беруін өтінеді. Ол үшін ең алдымен келіншек жазасын өтеп, сотта расымен жақсы ана бола алатынын дәлелдеуі тиіс. Ол түрмеден шыққанға дейін қыз баланы өзге отбасы асырап алуы да мүмкін. Әзірге қыз бала Алға балалар үйінде тәрбиеленуде", – дейді Ақтөбе облысының кәмелетке толмаған балалар ісі бойынша мамандандырылған сотының төрайымы Майра Үрістембаева.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!