Хромтауда шағын және орта бизнес дамып келеді

Фотография - Хромтауда шағын және орта бизнес дамып келеді

Хромтау ауданында тау-кен, металлургия саласы жақсы дамыған. Ірі өндіріс орындарымен қатар мұнда шағын және орта бизнес те қолға алынды.

519 0

Хромтау моноқаласында кондитер цехы мен макарон фабрикасы ашылып, жұмыс істей бастады. Ауданда құрылыс материалдары, жиһаз шығарылады. Шаруалар кәсібін жандандыру үшін мемлекеттік гранттар мен шағын несие алды, деп хабарлайды Bnews.kz

 Хромтау ауданында тау-кен, металлургия саласы жақсы дамыған. Ірі өндіріс орындарымен қатар мұнда шағын және орта бизнес те қолға алынды. Мәселен, 2013 жылы Индустрияландыру картасы аясында макарон фабрикасы іске қосылды. Тәуліктік қуаттылығы 6-7 тонна болатын фабрикада нан және кондитер өнімдері шығарылады. Мұнда 40 жаңа жұмыс орны ашылды. 

"2013 жылы конкурстық негізде жаңа өндірістерді ашу үшін гранттарды беруді жүзеге асыру мақсатында республикалық бюджеттен 6000,0 мың теңге бөлінді. Аймақтық үйлестіруші Кеңес отырысының қорытындысы бойынша, 5700,0 мың теңгеге 2 жоба мақұлданды. Оның біреуі тұрғын үй және ғимарат құрылысы үшін арналған пеноблоктар шығарса, екіншісі, сыртқы жарнамаларды дайындау ісін қолға алды. Қазір мемлекеттік грантқа ие болған екі кәсіпкер де жұмысты оңтайлы жүргізіп жатыр",- дейді Хромтау қаласының әкімі Асқар Нұртазин.

Өткен жылы да моноқаладағы шағын және орта бизнеске гранттар берілді. 

"Нәтижесінде аула мен шатырға қажетті темір жабынды шығару, жиһаз шығару цехтары іске қосылды. Бұл кәсіпкерлерге 5977,9 мың теңге қаржы бөлініп, игерілді",- дейді аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Ербол Алтаев. 

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, 2014 жылы шағын және орта бизнес субъектілерін қолдау мақсатында 141 миллион теңгеден астам несие берілді. 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!