Елордада мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған оңалту лагері ашылды

Фотография - Елордада мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған оңалту лагері ашылды

Орталықты ашу мақсаты - мүгедектігі бар жандардың өмірге деген белсенділігін арттыру болып табылады.

680 0

Елордалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының хабарлауынша,  Астана қаласының әкімдігінің қолдауымен "ДОС" Тәуелсіз өмір орталығы» мүгедектігі бар жандарға белсенді оңалту лагерін ашты.  

Орталықты ашу мақсаты - мүгедектігі бар жандардың өмірге деген  белсенділігін арттыру болып табылады. 

Жүзеге асырылған әлеуметтік жоба аясында мүмкіндігі шектеулі жандар туризм саласы бойынша дәріс, психологиялық және заңгерлік кеңестер ала алды. Мүгедектер үшін спорттық іс-шаралар, дөңгелек үстелдер мен арт-терапия, өзін-өзі бағалау бойынша тренингтер ұйымдастырылды. 

Бұдан бөлек, спа-процедура, бассейн, күнделікті таңғы жаттығулар, серуен, караоке және дискотека сияқты қамтылған арнайы бағдарламалар дайындалды. 

astana.gov.kz 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!