Шиелі тұрғындары көгілдір отынмен қамтылды

Фотография - Шиелі тұрғындары көгілдір отынмен қамтылды

Елдімекенге газ құбыры «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистралінен тартылған, ұзындығы - 17 шақырым

321 0

Ұлттық оператор "ҚазТрансГаз" АҚ-ның «Қызылорда облысының 5 елді-мекенін газдандыру» инвестициялық жобасы аясында "Шиелі" автоматтандырылған газ тарату станциясы іске қосылды. Бұл жайында компанияның баспасөз қызметі хабарлап отыр. 

Салтанатты шараға Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев пен "ҚазТрансГаз" АҚ Бас директорының бірінші орынбасары Серік Естай қатысты.

Елдімекенге газ құбыры "Бейнеу-Бозой-Шымкент" магистралінен тартылған, ұзындығы - 17 шақырым. Сонымен қатар, 270 шақырым болатын ауылішілік құбыр тартылған. Нәтижесінде 30 мыңнан астам тұрғынын, оның ішінде 6 жарым мың жеке тұрғын үй, 84 көппәтерлі үй, 74 коммуналдық-тұрмыстық кәсіпорын көгілдір отынмен қамтамасыз етілді.

"ҚазТрансГаз" АҚ Бас директорының бірінші орынбасары Серік Естайдың айтуынша, жыл сайын Ұлттық оператор республика бойынша 35 мыңнан астам абоненттің үйіне газ кіргізген. Жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жоба аясында бір ғана Қызылорда облысында биыл 1250 км газ құбыры салыныпты.

Естеріңізге сала кетейік, өткен аптаның соңында компания Жаңақорған кентін көгілдір отынға қосқан болатын. Алдағы уақытта Әйтеке би ауылы мен Арал қаласының тұрғындары да табиғи газға қол жеткізеді деп жоспарланып отыр. "Қызылорда облысының 5 елдімекенін газдандыру" инвестициялық жобасы жыл соңында Байқоңыр қаласын газдандырғаннан кейін аяқталады деп күтілуде.

Жалпы, жоба аясында Қызылорда облысының 190 мың тұрғыны көгілдір отынға қосылады. Осы уақытқа дейін 1439 км газ құбыры тартылып, 81 газ тарату пункті, 258 шкафтық пункттер салынды. Құбырлар мен инфрақұрылымдық нысандар түгелдей дерлік кестеден ерте іске қосылып жатқанын айтып өту керек.  



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!