Алматыда тұңғыш рет "Makerspace" жобасы іске қосылды

Фотография - Алматыда тұңғыш рет "Makerspace" жобасы іске қосылды

"Makerspace" жобасы - бұл ғаламдық қозғалыстың бір бөлігі

257 0

АҚШ-тың Алматыдағы Бас консулдығы С. Бегалин атындағы балалар кітапханасы және Chevron  корпорациясымен брлесе отырып "Makerspace" жобасын іске қосты.

"Makerspace" жобасы - бұл ғаламдық қозғалыстың бір бөлігі. Мұнда арнайы технологиялар арқылы бірқатар шығармашылық мәселелерді шешуге болады. «Makerspace» С. Бегалин атындағы балалар кітапханасында орнатылды. Онда  3D принтер, робототехника бойынша оқытуға арналған бағдарламалық жасақтама, әр түрлі құрал-саймандар, станоктар, яғни білдектер және басқа да құрылғылар қойылған. Бұл жерде тәлімгерлер қатысушыларға көмек көрсетеді. «Makerspace» жобасы экономикалық даму, кәсіпкерлікті дамыту және білім беру саласына арналған ресурс.

"АҚШ-тың көптеген бұқаралық және академиялық кітапханалары келушілердің шығармашылық жұмыстармен айналысулары үшін осындай «Makerspaces» ресурсын әзірлейді. Ал Алматыда бұл жобамен мысалы заманауи кітапхана жасап, оны қоғамдық орталыққа айналдыруға болады. Біз студенттерді, жас кәсіпкерлерді, барлық қазақстандықтарды осы ресурсты пайдалануға шақырамыз", - деді өз сөзінде АҚШ-тың Алматыдағы Бас консулы Марк Муди.   

Айта кетелік, кітапханада шығармашылық топтың жұмысы басталып кетті. Оған қатысушылар 3D принтер арқылы өздерінің алғашқы туындыларын шығарып жатыр.


ҚазАқпарат


Тегтер:

алматы Makerspace

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!