Алматыдағы Абай даңғылынан автобустарға арналған жолақты алып тастады

Фотография - Алматыдағы Абай даңғылынан автобустарға арналған жолақты алып тастады

Қарапайым жүргізушілер енді еш кедергісіз магистраль бойымен жүре алады. Жаңа шешімге сай арнайы белгілер де қойылған.

260 0

Алматыдағы Абай даңғылының кей жерлерінен автобустарға арналған жолақ алынып тасталатын болды. Қарапайым жүргізушілер енді еш кедергісіз магистраль бойымен жүре алады. Жаңа шешімге сай арнайы белгілер де қойылған.

Бұл туралы Kolesa.kz-ке сілтеме жасап nur.kz хабарлайды.

ІІД Әкімшілік полиция басқармасы жол бақылау бөлімінің қызметкерлері Абай даңғылының оңтүстік бөлігіндегі цирк маңында Мұқанов көшесімен Есентай өзеніне дейін және Желтоқасаннан Абылай хан даңғылына дейін автобустарға арналған арнайы жолақ алынып тасталғанын мәлімдеді. Бұған жолақ қойылғаннан кейін тар көшеде жол апаты санының күрт өсуі себеп болған.

Жақын арада "А" жазуы бар сары түсті жолақтарды Тұрғыт Озалдан Брусиловскийге дейін де алып тастаймыз деп уәде берді полицейлер.

Еске салсақ, қоғамдық көліктерге арнайы жолақ 15 маусымда ашылған болатын. Жобаның басты мақсаты қаланың маршруттық желісін реттеп, қоғамдық тасымалдың сапасын жоғарылату болған.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!