Атырау жұртшылығы Нұрлан Балғымбаевты ақтық сапарға шығарып салды

Фотография - Атырау жұртшылығы Нұрлан Балғымбаевты ақтық сапарға шығарып салды

None

1259 0

Бүгін, 16 қазанда, Атырау жұрты еліміздің бұрынғы премьер-министрі Нұрлан Балғымбаевты ақтық сапарға шығарып салды. Таңда марқұмның өз үйінде ("Атырау" шипажайы маңындағы жағалауда) жаназа намазы оқылып, қоштасу рәсімі Дина Нұрпейісова атындағы мәдениет үйінде өтті, деп хабарлайды Ақ Жайық

Кеше кешке қарай Атырау әуежайына еліміздің әр өңірінен марқұммен қоштасуға ниет еткен жоғары лауазымды тұлғалар мен белгілі кәсіпкерлер мінген 20-ға жуық чартерлік әуе рейстері қонды. Мұнайлы астананың беткеұстар деген қонақ үйлері қонақтарға лық толды.

Қоштасу рәсіміне ел президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың және үкімет атынан көңіл айту мәтінін оқыған ҚР премьер-министрі Карім Мәсімов, бизнесмендер Тимур Құлыбаев, Александр Машкевич, Патох Шодиев, Нұржан Субханбердин, Зейнолла Кәкімжанов, ҚР энергетика министрі Владимир Школьник, оның орынбасары Ұзақбай Қарабалин, "ҚазТрансОйлдың" бас директоры Қайыргелді Қабылдин, "ҚазМұнайГаз" басшысы Сауат Мыңбаев, ТШО ЖШС-ның бас директоры Тим Миллер, сенатор Ләззат Қиынов, мәжіліс депутаты Ахмед Мурадов, саясаткер Жармахан Тұяқбай (Н. Балғымбаевтың құдасы), Төлеген Мұхамеджанов, Ораз Жандосов және тағы басқалар келді. Атырау облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов вице-премьер Дариға Назарбаеваның, ҚР қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетовтің, астана әкімі Әділбек Жақсыбековтің, Алматы әкімі Бауыржан Байбектің атынан көңіл айту мәтіндерін оқыды. Сенат төрағасының орынбасары Қайрат Ищанов парламент атынан келген жеделхатты оқыды.

Жергілікті бұрынғы және қазіргі басшылар, парламент депутаттары ішінен Есен Тасқынбаев, Равиль Шырдабаев, Сағат Түгелбаев, Нұрпейіс Мақашев, Дүйсенбай Тұрғанов, Сәрсенбай Еңсегенов және тағы басқалар болды.

Нұрлан Балғымбаевты әулет қорымы, ел ішінде "Орбита" деп аталатын қорымға жерледі.





Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!