Ақсу қаласында "GGG" аллеясы ашылды

Фотография - Ақсу қаласында "GGG" аллеясы ашылды

Бұдан өзге, саябақта велороллерлік трасса және де жаңа жолда велосипедпен жүріп, скейтпен, роликті шаңғы және конькимен сырғанауға болады.

590 0

Павлодар облысы Ақсу қаласында боксшы Геннадий Головкиннің құрметіне аллея ашылды.

Ақсулық жастар "Баранов саябағында" көшет отырғызып, спортшының 17 қазанда өтетін жекпе-жегіне қолдау көрсетуді жөн көріпті.

"Геннадий Головкиннің жекпе-жегіне санаулы күндер қалды. Соған орай мына талдарды "GGG" деген пішінде ектік. Біздің еліміздің туы тағы да бүкіл әлемге танылсын деген ниеттеміз", - дейді Ақсу қаласы мәслихатының хатшысы Мәдениет Омарғалиев.

Бұдан өзге, саябақта велороллерлік трасса да салынды. Жаңа жолда велосипедпен жүріп, скейтпен, роликті шаңғы және конькимен сырғанауға болады.

"Бүгін біз үшін қуанышты күн. Сүйікті қаламызда алғашқы велотрасса ашылып жатыр. Бұл жерде шаңғышылар ғана емес, велосипедшілер, атлеттер, жалпы, спорттың барлық түрінен жаттығуға болады.Сондай-ақ, біз Геннадий Головкиннің жекпе-жегіне қолдау білдіру үшін ағаш отырғызып, патриоттық акция ұйымдастырдық", - деп атап өтті жас шаңғышы Дінмұхаммед Госман.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!