Талдықорғанда жалпықалалық сенбілік өтті

Фотография - Талдықорғанда жалпықалалық сенбілік өтті

Сенбіліктің мақсаты қыс алдында тазалық мәселесін реттеп алу

180 0

Жетісу өңірінде тазалық сенбілігі өтті. Оған Алматы облысының барлық аудан-қалалары мен елді мекендеріндегі тұрғындар, мекемелер мен қоғамдық ұйым өкілдері және студенттер қатысты, деп хабарлады www.24.kz. 

Мақсат - қыс алдында тазалық мәселесін реттеп алу. Облыс орталығы Талдықорғанда көшет отырғызу мен абаттандыру жұмыстары да қатар жүргізілді. Жаңа нысандар бой көтерген аймақтар мен басқа да гүлзарлардың айналасына қайың, қарағай, емен сияқты ағаштардың 3 мыңнан астам көшеттері отырғызылды.

 "Жасыл желектердің қатары көбеюі үшін осы Қаратал жағалауында  талдар егу, оны абаттандыру жұмыстары жүргізілді.  Көріктене түсуі үшін, оның ауасының таза болуы үшін барлығымыз да өзіміздің үлесімізді қостық. Бұл нағыз еңбек мерекесіне айналды", - деді қалалық мәслихаттың депутаты Мәмилә Мұсабекова. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!