Қазақстанда 12 мыңға жуық азамат күзгі əскер қатарына шақырылған

Фотография - Қазақстанда 12 мыңға жуық азамат күзгі əскер қатарына шақырылған

Әскерге шақыру жұмыстарын ұйымдастыру жергілікті атқарушы органдардың мойнына жүктеледі

2129 0

2015 жылғы күзгі мерзімде Қазақстан Қарулы  күштері қатарына 18-27 жас аралығындағы əскери мерзімдік қызметті кейінге қалдыруға болмайтын жəне əскери мерзімдік қызметтен босатылмайтын 12 мыңдай азамат шақырылды.

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ҚР Қарулы күштері Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру департаменті бастығының орынбасары Амантай Өсербаев мəлім етті.

"Осы күзгі мерзімде Қазақстан Қарулы  Күштері қатарына 18-27 жас аралығындағы əскери мерзімдік қызметті кейінге қалдыруға болмайтын жəне əскери мерзімдік қызметтен босатылмайтын 12 мыңдай азамат шақырылды. Бұл жұмыстар Қазақстар Республикасының "Əскери қызмет жəне əскери мəртебе туралы" заң аясында ұйымдастырылады. Қазір жергілікті əкімдіктердің шешімімен барлық облыстарда əскерге шақыру комиссиялары мен əскер қатарына шақырылатын азаматтардың денсаулығын тексеретін медициналық комиссиялар құрылған.

Айта кетейік, əскерге шақыру жұмыстарын ұйымдастыру жергілікті атқарушы органдардың мойнына жүктеледі. Сондықтан, əскерге шақыру комиссиясының төрағасы болып жергілікті əкімнің орынбасары, медициналық сараптама комиссиясының төрағасы болып жергілікті денсаулық сақтау басқармасының басшылары тағайындалады»,-деп түсіндірді А.Өсербаев.

Оның айтуынша, əскерге шақырылып отырғандардың арасында техникалық білімі бар жігіттер əуе қорғаныс саласындағы əскери бөлімдерге, ал спортқа икемі барлар аэроұтқыр əскрлердің қатарына, жалпы, денсаулығы жарамды қалған жігіттер əр түрлі əскери бөлімдерге жіберіледі.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!