Астана әкімі елорданың Бірыңғай интеллектуалды байланысын іске қосуды тапсырды

Фотография - Астана әкімі елорданың Бірыңғай интеллектуалды байланысын іске қосуды тапсырды

Аппарат отырысы барысында қаланың экологиялық ахуалы да талқыланды

224 0

Бүгін Астана әкімі Әділбек Жақсыбековтің төрағалығымен өткен кезекті аппарат жиналысында бірқатар өзекті мәселелер талқыланды. Олардың қатарында - қаланың барлық коммуналдық қызметтерін қыс маусымына даярлау, сондай-ақ, елорданың экологиялық ахуалы,деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Еске сала кетейік, өткен аптада қала басшысы коммуналдық қызметтердің, атап айтқанда, қар тазалайтын және өзге де техниканың қыс маусымына дайындығын тексерген болатын. Әкім қар жауған сәттен бастап маусым бойы тазалау жұмыстары үзіліссіз жүргізілуі керектігін атап айтты.

Аппарат отырысы барысында қаланың экологиялық ахуалы да талқыланды.

Қалада кесек отынмен жылынатын үйлер мен ғимараттар саны 32 мыңға жуық. Бұдан бөлек, ауаны тұрғын үй секторы және жылыту кешендерінен өзге, автокөліктер де айтарлықтай ластайды. Бүгінде елордада тіркелген автокөліктердің саны 320 мыңнан асты. Одан бөлек, күнделікті қалаға 60-70 мың өзге қалалардан келетін көліктер бар.

Ә. Жақсыбеков елорданың Бірыңғай интеллектуалды байланыс-орталығын іске қосу мәселесіне де ерекше назар аударды. Қазіргі уақытта әкімнің тапсырмасына сәйкес қаладағы барлық қызметтерді бір жүйеге тоғыстыратын аталған байланыс орталығын іске қосу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Орталық «бір қоңырау» принципі бойынша жұмыс істейтін болады. Бірыңғай орталыққа қаланың әрбір тұрғыны өзін алаңдатқан кез-келген мәселе бойынша хабарласып, кең көлемде толыққанды ақпарат алуға мүмкіндігі болады.

Байланыс орталығының бағдарламалық жабдықталуы тұрғындардың шағымдарын жан-жақты талдауға мүмкіндік береді. Нәтижелер мен статистикалық мәліметтер "Басшы панелінде" көрсетіліп тұрады.

Ә. Жақсыбеков аталмыш жоба қала үшін өте қажет екенін және оның болашақта қаладағы барлық қызметтерді бақылау мен бағалау құралына айналатынын айтты.

Әкім Бірыңғай интеллектуалды байланыс-орталығын 15 қарашада пилотты түрде іске қосуды, ал 1 қаңтардан бастап қала тұрғындарына толыққанды қызмет көрсетуін бастауды тапсырды. Осылайша, Астана "ақылды қала" туралы пікірдің орнығуын дамытып, бекіте түсуі керек.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!