Божко: 20 жылда төрт мыңға жуық жоғары білікті құтқарушы дайындалды

Фотография - Божко: 20 жылда төрт мыңға жуық жоғары білікті құтқарушы дайындалды

Бұл туралы ҚР азаматтық қорғау қызметіне 20 жылдығына арналған шарада ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Владимир Божко мәлімдеді

179 0

20 жылда елімізде төрт мыңға жуық жоғары білікті құтқарушы дайындалды. Бұл туралы бүгін Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау қызметіне 20 жыл толуына арналған салтанатты шарада ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Владимир Божко мәлімдеді.

"Бізде 30 әскери техника бар - 4 ұшақ, 26 тікұшақ. Олардың ішінде әлемдегі ең ауыр Ми-26 тікұшақтары жүктер мен адамдарды алыс қашықтыққа тасымалдауға мүмкіндік береді. Тек биылғы жылы ғана бұл тікұшақтар Қырғызстан, Батыс Қазақстан мен Алматы облыстарындағы өртті сөндіруге қатысты", - деді В.Божко.

Бұл техникаларды басқаратын мамандарды оқытуға үлкен көңіл бөлінеді.

"Азаматтық қорғау саласының мамандары ведомстволық жоғарғы оқу орны - Көкшетау техникалық институтында, сондай-ақ шетелдік оқу орындарында дайындалады. 20 жылда жоғары білікті 3878 маман әзірленді. Ресей мен Беларусь елдерінің жоғарғы оқу орындарында 158 курсант оқып жатыр", - деп толықтырды В.Божко.


 BNews.kz




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!