Аудан қарттарына арналған экскурсия

Фотография - Аудан қарттарына арналған экскурсия

Халықаралық қарттар күніне орай Алмалы ауданының қарттары "Медеу" мұз айдынын экскурцияға шықты.

199 0

Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамб­леясының қолдауымен 1990 жылдан бастап, бүкіл әлемде "Халықаралық қарттар күні" ретінде қазан айының 1-ікүні белгіленді және содан бері жыл сайын аталып өтіледі.

Ел мүддесін бәрінен биік қоятын, өзінен кейінгі ізіне ерген інілеріне ізетін аямайтын, ізінен ерген ұрпағына ұлылығын ұялатып, жас қауымға бас-көз бола білген қарттарымыздың орны қашан да ерекше. Олай болса, әр халықтың бойында ықылым заманнан бері қалыптасып оны өзгелерден даралап тұратын, тек өзіне ғана тән қасиеттері болады. Біздің халқымыздың сондай ерекшеліктерінің бірі – үлкенді сыйлау, оның сөзіне құлақ асу. Қазақ қарты жасына лайық ауызы дуалы, сөзі берекелі, ісі тыңғылықты, ойы терең, ақылы телегей теңіз болып келеді. Міне, осындай тамаша теңеуге лайық қарияларға қазан айының әр күнін мереке етсек те жарасады. Жалпы, қазан айы –қарттарға қамқорлық айы!

Қарттар айына орай аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен көптеген іс-шаралар жүзеге асырылуда.Солардың бірі ағымдағы жылдың 18-ші қазанда аудан қарттарына арналған экскурсия ұйымдастырылмақ. Экскурсия барысында ауданның қарттары Алматы қаласының көркем жерлеріне саяхат жасап, "Медеу" мұз айдынын тамашалауына мүмкіндік туады.

Алмалы ауданында 34838 зейнеткер бар. Олардың ішінде 157 ҰОС қатысушылар мен мүгедектері, 3870 тыл еңбеккерлері. Үйге көмек алатын жалғыз басты зейнеткерлердің саны 486 адам.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!