Астанада мектепке дейінгі мекемелерге топтау өтеді

Фотография - Астанада мектепке дейінгі мекемелерге топтау өтеді

Астанада кезекке тіркелген барлық жас топтарының балалары үшін жаңадан ашылған мектепке дейінгі мекемелерге топтау жүргізіледі.

683 0

Астанада 2-13 қараша аралығында кезекке тіркелген барлық жас топтарының балалары үшін жаңадан ашылған мектепке дейінгі мекемелерге топтау жүргізіледі. Жолдама кезекке сай қолданыстағы балабақшаларға беріледі. Бұл туралы әкімдіктің ресми сайтында хабарлады.

"Мектепке дейінгі мекемелерде балаларды топтау № 61 орта мектепте әр сәрсенбі күні сағат 10:00-17:00 аралығында өткізіледі. Астана қаласының тұрғындары (http://egov.kz/ порталынан ЖСН, аты-жөні және баланың туған жылын енгізу арқылы білуге болады) электрондық қызметтен кезектің жылжығанын көре алады. Егер кезек нөмірі көрсетілмеген жағдайда, жұмыс топтарына хабарласудың қажеті жоқ. Балабақшаның орналасқан мекенжайы сізді қанағаттандырмаған жағдайда жолдамадан бас тарта аласыз. Бұл ретте сіздің кезегіңіз сақтаулы қалады. 

Жеңілдік санатындағы азаматтардың назарына! Қарастырылған қолдаухаттардың нәтижелерін 9-13 қараша аралығында білуіңізге болады.

Топтау кестесіне жолдама алу үшін көрсетілген кезек нөміріне сәйкес Қарталы көшесінде орналасқан № 61 орта мектепке бару керек.

Топтау аяқталған соң 1 желтоқсанда http://egov.kz/ порталынан кезектің жылжығанын көруге болады. Жұмыс тобының кестесімен Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтындағы "Ақпараттар бюросы" айдарынан толыққанды таныса аласыздар", - деп жазылған хабарламада.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!