Қызылшаға қарсы қосымша иммунизациялау жалғасуда

Фотография - Қызылшаға қарсы қосымша иммунизациялау жалғасуда

Ағымдағы жылдың 28 қыркүйегіндегі жағдай бойынша екпе жасатуға акпараттық келісім бергендердің саны 9495 адамнан 18 091 балаға артты

198 0

Елордада 2015 жылдың қазан айына жоспарланған оқушылар мен жасөспірімдерді қызылшадан қарсы қосымша иммунизациялау науқаны аясында 18 650 адамға, сонымен қатар 9909 мектеп оқушылары мен 8741 студенттерге екпе жасау көзделіп отыр, деп хабарлайды Астана әкімдігінің баспасөз қызметі.

Ағымдағы жылдың 28 қыркүйегіндегі жағдай бойынша екпе жасатуға акпараттық келісім бергендердің саны 9495 адамнан 18 091 балаға артты. Астана қаласы Тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің хабарлауынша, бүгінгі күнде 17 724 тұрғынға, сонымен қатар, 8907 оқушы мен 8622 студентке екпе жасалынды.

Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйымдарда екпе жасатуға ақпараттық келісім алу жұмыстары жалғасуда, сондай-ақ, Тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің мамандары күнделікті білім беру мекемелерінде иммунизация барысын қадағалауда.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!