Астанада оқушылардың тең жартысы тегін ыстық тамақпен қамтылған

Фотография - Астанада оқушылардың тең жартысы тегін ыстық тамақпен қамтылған

Дереккөзге сүйенсек, елорда мектептеріндегі 2015 жылға арналған бір реттік ыстық тамақтың бағасы - 279 теңге

160 0

Астана қаласында 113 376 бала ыстық тамақпен қамтылған. Бұл елордадағы барлық оқушылардың 100% құрайды. Ал бұл оқушылардың тең жартысына, яғни, 60 337 балаға (барлық оқушылардың 53,2%-ы) ыстық тамақ тегін беріледі. Бұл туралы бүгін Астана қалалық білім басқармасы мен "Нестле Фуд Қазақстан" компаниясының бірлесе қолға алған "Салауатты тамақтану мектебі" атты əлеуметтік жобаға арналған баспасөз мəслихатында белгілі болды. Астана қалалық білім басқармасының дерегіне сүйенсек, қаланың орта білім беретін мектептерінің барлығы оқушыларды түгелдей ыстық тамақпен қамтып отыр.

"2015 жылдың 15 қыркүйегіндегі жағдайға сəйкес, елорда мектептерінде 113 376 бала ыстық тамақпен қамтылған, бұл барлық оқушылардың 100%-ын қамтиды. Соның ішінде 60 337 бала, яғни, барлық оқушылардың 53,2% тегін ыстық тамақпен қамтылған",- дейді білім басқармасының өкілдері.

Дереккөзге сүйенсек, елорда мектептеріндегі 2015 жылға арналған бір реттік ыстық тамақтың бағасы - 279 теңге.


ҚазАқпарат



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!