Елімізде тұңғыш рет даяшылар арасында жарыс өтті

Фотография - Елімізде тұңғыш рет даяшылар арасында жарыс өтті

Қашықтықтың бойында неше түрлі кедергілер бар және жалпы ұзындығы 200 метр.

542 0

Елімізде тұңғыш рет ең білікті әрі жылдам даяшылар арасында жарыс өтті. Іс-шара халықаралық аспазшылар күніне орай ұйымдастырылды. Жарыс М.Горкий атындағы орталық саябақ маңында орналасқан "Вечное небо" мейрамханада өткізілді. Іс-шараны ұйымдастырушы Алма Жайылғанованың айтуынша осындай сайыстар әлемде кеңінен тараған, ал біздің елімізде бұл жарыс алғаш рет ұйымдастырылып отыр. 

"Бізде болашақта жоспарланған бірнеше іс-шара бар. Соның бірі 15 сәуірде Қазақстанда Қозы Көрпеш – Баян Сұлу ғашықтар күніне орай 50-ге жуық жас жұбайлардың қатысуымен жұптардың салтанатты неке қию рәсімін өткізбекпіз"-дейді "Вечное небо" мейрамханасының директоры Алма Жайылғанова. 

Жарыстың ерекшелігі, жарысқа қатысушылар қаланың әр түрлі мейрамханаларынан келген қыз бен жігіт (өз мейрамханасының киімімен) бір қолымен разностағы стақан мен шөлмекті құлатпай жылдам белгіленген қашықтықты бағындыруы қажет. 200 метр қашықтықты құрайтын жолдың бойында нешетүрлі кедергілер орналасқан. Жарысқа 8 мейрамханадан 16 қыз бен жігіттер қатысты. Барлығына бірдей ыдыстар берілді. Стақандар мен шөлмектерді сындырған қатысушылар жарыстан шығарылып отырды. Сонымен жарыстың  қорытындысы бойынша ерлер арасында "Вечное небо", "Central", "GQ", "El Plato" мейрамханаларының даяшылары финалға шықты.Финалдық  сында берілген қашықтықты 1 минут 59 секундта  бағындырған"Вечное небо" мейрамханасының даяшысы Айбек Асилов бас жүлдеге лайықты деп танылды.Ол алтын табақшамен марапатталды . Ал, қыздар арасында "Вечное небо", "Central", "Arsenal", "Пивоваров" мейрамханаларының даяшылары финалға шықты. Олардың арасында  қашықтықты 2 минут 20 секундта бағындырған  "Arsenal" кафесінің даяшысы Гүлмарал Темешбаева жеңімпаз деп танылды. Сәйкесінше, ол да алтын табақшаның иегері атанды.

Айта кету керек жарыс кезінде 14 стақан мен 6 шөлмек шағылды.


Суреттер: Александр Ан






Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!