Qazaq Air Талдықорғаннан Астана мен Алматы бағыты бойынша әуе рейстерін ашады

Фотография - Qazaq Air Талдықорғаннан Астана мен Алматы бағыты бойынша әуе рейстерін ашады

Талдықорған әуежайы қазіргі заманғы әуе кемелерін қабылдауға, жолаушыларға сапалы қызмет көрсетуге толығымен дайын

281 0

Qazaq Air компаниясы биыл қараша айында "Талдықорған-Астана" және "Талдықорған-Алматы" бағыттары бойынша әуерейстерін ашады.

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслиxатында "Qazaq Air" компаниясы басқарма төрағасының қызметін атқарушы Блэр Поллок мәлім етті. 

"Біз қараша айының басында Алматы мен Талдықорған арасында және Талдықорған мен Астана қалаларында қатынайтын жаңа рейстерді ашатындығымызды жариялағымыз келеді. Бізге ол жаңалықты xабарлау өте қуанышты", - дейді ол.

 «Талдықорған әуежайына аудитпен бірге біздің компания өкілдері де барды. Жергілікті басшылық қыруар жұмыстар атқарған. Ұшу және қону жолдары, перрон толығымен жаңартылған. Әуежайда барлық арнайы теxникалар ауыстырылды. Әуенавигациялық жабдықтар жаңадан сатып алыныпты. Талдықорған әуежайы қазіргі заманғы әуе кемелерін қабылдауға, жолаушыларға сапалы қызмет көрсетуге толығымен дайын", - деп атап өтті Qazaq Air компаниясының коммерциялық директоры Адель Дәулетбек.

Айта кетейік, Qazaq Air компаниясы Алматы - Астана, Алматы - Павлодар, Алматы - Шымкент, Алматы - Қостанай, Шымкент - Павлодар, Шымкент - Ақтөбе, Ақтөбе - Қостанай, Ақтөбе - Атырау бағытында рейстер ашты. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!