Астана мен Алматы арасында аптасына 100-ден астам әуе рейстері орындалуда

Фотография - Астана мен Алматы арасында аптасына 100-ден астам әуе рейстері орындалуда

Қазіргі кезде екі бағдар бойынша, яғни, Алматы-Астана және Алматы-Шымкент рейстерін 4 әуе компаниясы іске асыруда

230 0

Астана мен Алматы арасында аптасына 100-ден астам әуе рейстері орындалуда.  Бұл туралы бүгін Астанада әуежай мәселелеріне арналған ИАТА конференциясында ҚР  ИДМ Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Бекен Сейдахметов мәлім етті.

"Ішкі әуе рейстерін Қазақстанның 6 әуе компаниясы 42 бағдар бойынша орындап келеді. Аптасына 500-ден астам рейстер жасалуда. Қазіргі кезде екі бағдар бойынша, яғни, Алматы-Астана және Алматы-Шымкент рейстерін 4 әуе компаниясы іске асыруда. Оның ішінде Алматы мен Астана арасында аптасына 110 рейс орындалады немесе тәулігіне орташа алғанда 15-16 рейсті қамтып отыр",-деді комитет басшысы.

Б. Сейдахметовтің сөзіне қарағанда, 9 бағдар бойынша рейстерді үш әуе компаниясы атқарса, тағы 9 бағдарды екі компания және қалған  21 бағдарда жолаушыларды бір әуе компаниясы тасымалдауда. Ішкі нарықта компаниялардың үлесіне тоқталатын болсақ, Air Astana - 65 пайызды, SCAT - 18 пайызды, Bek Air - 16 пайызды құрады. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!