Қазалы ауданы көгілдір отынға қосылды

Фотография - Қазалы ауданы көгілдір отынға қосылды

Жаңақорған, Шиелі, Қазалы және Арал аудандары мен Байқоңыр қаласын газдандыруға қажетті қаражат бөлінген

218 0

Бүгін Қазалы ауданының орталығы  Әйтеке би кенті көгілдір отынға қосылды, деп хабарлады аудандық әкімдіктің баспасөз қызметінен.

 40 мыңнан астам тұрғыны бар кенттегі шараға Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев және "ҚазТрансГазАймақ" АҚ бас директорының бірінші орынбасары Ғалым Айдосов қатысты.

Қызылорда облысы әкімдігі мен "ҚазТрансГаз" АҚ арасында былтыр жасалған меморандумға сәйкес, Жаңақорған, Шиелі, Қазалы және Арал аудандары мен Байқоңыр қаласын газдандыруға қажетті қаражат бөлінген. Ал, облыстың қалған аудандары келесі жылы газбен қамтылатын болады.

-Алдымен баршаңызға Елбасының ыстық сәлемін жеткізейін. Екі күндік жұмыс сапарымен болған Мемлекет басшысы аймақта атқарылып жатқан жұмыстарға жоғары бағасын берді. Бұл облыс халқының жұмыла жұмыс жасауының нәтижесі. Осындай игі шараның біріне бүгін тағы куә болып отырмыз. Өткен апталарда Жаңақорған мен Шиелі ауданы көгілдір отынға қосылды. Келер жылы қалған үш ауданда газдандыру жұмысы басталады. Сол кезде облыс халқының 83 пайызы көгілдір отынға қол жеткізеді, - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.

- Жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жоба аясында бір ғана Қызылорда облысында биыл 1250 км газ құбыры салынды. «ҚазТрансГаз» әлеуметтік жауапкершілікті жоғары қоятын компания. Істеп отырған жұмысымыз түгелдей халықтың тұрмысын жақсартуға еліміздің әл-ауқатын арттыруға бағытталған, - деді "ҚазТрансГазАймақ" АҚ бас директорының бірінші орынбасары Ғалым Айдосов.

Әйтеке би кентінде бүгін үйіне алғаш болып көгілдір отынды кіргізген Құсановтар отбасы. Олардың қуанышында шек жоқ. Талай жылғы армандары орындалғанына риза.

- Бұрын үйде от жағып, әуреге түсетінбіз. Сатып алатын көмірімізге де көп қаржы жұмсадық. Енді бұл қиыншылықтар артта қалды, - дейді аудан тұрғыныҮрпатша Аймағамбетова.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!