Алматы ипподромы жеке инвестордың қолына өтеді

Фотография - Алматы ипподромы жеке инвестордың қолына өтеді

Алматылықтар үшін ипподром маңызды нысандардың бірі екені жасырын емес

337 0

Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек ипподромға ат басын бұрды. Мәслихаттың шешімімен бәйге алаңы жеке инвестордың қолына өтеді. Десе де, ол толық жекеменшік болады деген сөз емес. Ипподромды қайта жаңғырту жұмысы тоқтамайды,  деп хабарлады Алматы Телеарнасы

Қалада маңызды іс-шаралар орын ала қалса, ипподромды халық кез келген уақытта игілігіне пайдаланады. Бұл құрылым мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жүзеге асып отыр.

"Дәл қазіргі уақытта ел экономикасы ауыр жағдайды басынан өткеріп жатыр. Сондықтан Алматының ипподромына бөлінген қаражатты мақсатсыз деп санаймын. Қаржыны үнемдеп, әлеуметтік маңызды нысандарды қолға алу керек",- деді "Нұр Отан" партиясының депутаты Мұрат Әділханов.

Алматылықтар үшін ипподром маңызды нысандардың бірі екені жасырын емес. Оның жыртығын жамап, жаңартуды дүйім жұрт қолдайды. Қазақтығымызды айшықтайтын спорттық кешенінде дүбірлі додалар оздырылады деген үміт бар.

"Ол жерде ат жарыс, қазақша ойындар болып жатады. Соларды барып көреміз. Өте ұнайды. Әрине, жастарға керек. «Қазақ атқа мініп, аттың жалында өскен халық. Оның денсаулыққа да пайдасы зор екенін ата-бабамыз баяғыдан білген". 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!