Алматыда түркиялық азамат жергілікті полицейлерге бағынбай қойды

Фотография - Алматыда түркиялық азамат жергілікті полицейлерге бағынбай қойды

Жол ережелерін бұзғаны үшін "Буран-102" экипажымен тоқтатылған Opel автокөлігінің жүргізушісі куәлігін көрсетуден бас тартқан.

591 0

19 қазан күні Алматы қаласы, Әуезов ауданында түркиялық азамат полицейлерге бағынбаған. Жолда жүру ережесіне бағынбаған Opel автокөлігінің иесі полиция қызметкерлеріне қажет құжаттарды көрсетуден де бас тартқан.
Абай және Алтынсарин көшелерінің қиылысы бойында жол ережелерін бұзғаны үшін "Буран-102" экипажымен тоқтатылған Opel автокөлігінің жүргізушісі куәлігін көрсетуден бас тартқан.
Сонымен қатар 25 жасар Түркия елінің азаматы өзінің дипломатиялық дәрежесі жоғары екенін айтып, заңсыз әрекетін ақтамақ болған.
"Нақтырақ айтатын болсақ, айыпталушы азамат көлік жүргізу үстінде телефон қолданып, бұрылыс кезінде ережеге сәйкес белгі бермеген. Тексерістен кейін жүргізушінің сақтандыру полисінің уақыты өтіп кеткені де анықталды. Түркия азаматы құжаттарды көрсеткеннен кейін ғана үш түрлі заң бұзушылық жөнінде хаттама толтырылды. Ал автокөлік болса, дереу айыппұл тұрағына жіберілді", – дейді Алматы  қалалық ІІД баспасөз қызметі.
Сонымен қатар аталмыш оқиғадан кейін Қылмыстық кодекстің  379-бабы бойынша сот ісінде қарастырылмақ.


bnews.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!