Астана вокзалы маңындағы аумағындағы тұрақтар ақылы болмақ

Фотография - Астана вокзалы маңындағы аумағындағы тұрақтар ақылы болмақ

Егер аталған жоба ойдағыдай жүзеге асса темір жол вокзалдарындағы бей-берекетті 2016 жылдың екінші жартысына дейін шешуге болады

1055 0

Бүгін ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің төрағасы Әсет Асаубаев республиканың вокзал маңы аумақтарын тәртіпке келтіруге тапсырды. Ол мұндай тапсырмасын бүгін елорданың темір жол вокзалында өткен көшпелі жиында берді.

Жиын барысында ол вокзал маңындағы орын алып жатқан жайттарға ерекше тоқталды. Мәселен, комитет төрағасы елорданың темір жол вокзалы төңірегінде ресми такси қызметін ұйымдастырудағы кемшіліктерге тоқталды. Бұл мәселеге орай, "Вокзал сервис" АҚ басшысы Қайрат Тұрлыханов өз пікірін білдіріп, вокзал маңындағы аумақтың толығымен өзі басқаратын мекемеге қарамайтындығын, алдағы уақытта бұл проблеманың өз шешімін табатындығын атап өтті. Дәл осы мәселеге орай таяу аралықта министрлікте қала әкімдігі өкілдерінің қатысуымен арнайы жиын да өтпек. 

Оның атап өтуінше, таксилер үшін жеке тұрақтар белгіленіп, ал жолаушылар әкелетін басқа көліктерге Астана мен Алматы әуежайындағыдай тұрақ ақылы болмақ. 

Сонымен қатар ол бұл проблеманың 2016 жылдың екінші тоқсанында толық шешім табатындығын баса айтты.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!