Астанада мұзтайғақтың салдарынан 120 жол апаты болды

Фотография - Астанада мұзтайғақтың салдарынан 120 жол апаты болды

Полицейлердің айтуынша, жүргізушілер аяқ-асты күннің суытуына дайын болмаған.

475 0

Бүгінде астаналық ІІД-не 120-ға жуық жол-көлік оқиғасы туралы хабар келіп түсті. Олардың 60-қа жуығы расталған. Абырой болғанда көліктерге кішігірім ғана зақым келіп, зардап шеккендер болмаған. Бұл туралы Астана арнасына сілтеме жасап nur.kz хабарлайды.
Полицейлердің айтуынша, жүргізушілер аяқ-асты күннің суытуына дайын болмаған. Салдарынан көшелерде ұзын-сонар кептеліс қалыптасқан.
"Апаттардың себебі – қашықтықты сақтамау және шиналарды жаздықтан қыстыққа ауыстырып үлгермеуі", – дейді ІІД арнайы тапсырмалар бойынша бас инспектор Лариса Красникова.
Полицейлер жүргізушілерге тез арада шиналарын аусытруға кеңес берді.
Сол арада "Қазгидромет" мұзтайғақтың әлі екі күн сақталатынын ескертті. 23 қазан күні Ақмола облысында күн суытып, қар, кей жерлерде боран мен желдің үдеуі байқалады.
Батыс және оңтүстік өңірлерден өзге барлық республика бойынша ауа райы 5-10-градусқа суиды. Ал шығыста минус 18-ге дейін барады. 24 қазанда Ақмола облысында күн жылынады деп күтілуде.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!