Қарағанды облысының әкімі елімізде тігілген костюмді сатып алды

Фотография - Қарағанды облысының әкімі елімізде тігілген костюмді сатып алды

Классикалық костюмдер тігу бойынша мамандандырылған шымкенттік "Алтын Адам" фабрикасы өз өнімін мемқызметкерлерге ұсынуға дайын.

1845 0

Қазақстандық шенеуніктер Президент Н.Ә. Назарбаевтан үлгі алып, отандық өндірушілердің киімдерін кие бастады. Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков алғашқылардың бірі болып костюм сатып алды, деп хабарлайды Bnews.kz.
Классикалық костюмдер тігу бойынша мамандандырылған шымкенттік «Алтын Адам» фабрикасы өз өнімін мемқызметкерлерге ұсынуға дайын. Арнайы ұйымдастырылған іс-сапарлар барысында фабрика қызметкерлері өз өнімдерін жергілікті әкімшіліктерге таныстырады. Бұл ұлттық өнімді насихаттау саласындағы ірі жоба. Ал костюмдердің сапасы шетелдік әріптестерден артық болмаса, кем түспейтіні сөзсіз. Бірақ бағасы оларға қарағанда арзанырақ: 25 мың теңгеден бастап – 50 мың теңгеге дейін.
Аталмыш акцияны қолдаған Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков "My President" топтамасының костюмін сатып алды.
"Костюмнің пішіні де, сапасы да тамаша. Мен үшін отандық өнімді тұтынудың өзі үлкен қуаныш. Бұған дейін мен қарағандылық зауыттан шығатын аяқ киімді ғана киюші едім, ал енді отандастарымыз киім тігіп жатыр",- деп Н. Әбдібеков өз пікірін білдірді.
"Бұл топтама арнайы орта жастағы ер адамдарға бағытталып жасалған. Классикалық пішім, берік мата, байсалды түстер – осының бәрі байыпты, іскер адамның болмысына сай келеді. Әбдібеков мырзаға біздің костюмдеріміз еш өлшеу алынбағанына қарамастан шақ келіп, ол кісіге ұнағанына өте қуаныштымыз",- деп фабриканың астанадағы филиалының дизайнері Айжан Нұрланова ойымен бөлісті.
Кәсіпорында орта есеппен бір минут ішінде бір костюм тігілсе, бір күнде фабрика 400 костюм дайындайды екен. Классикалық стиль ұстанғанымен, фабрика қызметкерлері жастарға да, үлкендерге де ұнамды пішімдер таңдайды. Әйелдер қауымы да назардан тыс қалмады. Бүгінгі таңда сатылымға іскер әйелдерге арнайы топтама шығарылған. Ал А.Нұрланованың келешекте барлық қалалар мен облыстарда дүкендер жүйесін ашамын деген мақсаты бар екен.
Естеріңізге сала кетейік, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұлов Сайрам ауданына жасаған жұмыс сапары барысында "GOLDEN NOMAD" тігін фабрикасының жұмысымен танысып, 25 мың теңгеге жоғары сапалы "Қазақстанда жасалған" сауда таңбасымен тігілген костюм сатып алған болатын.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!