Ақмола облысы Астанадағы жәрмеңкеге 1 мың тонна өнім алып келді

Фотография - Ақмола облысы Астанадағы жәрмеңкеге 1 мың тонна өнім алып келді

Жәрмеңкеге өңірден 404 млн. теңгенің өнімдері жеткізілді

560 0

Ақмола облысы елорданы ұнмен 100 пайызға қамтамасыз етіп отыр. Бұл туралы Астанада Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Мұрат Балпан мәлім етті. 

Бүгін қаладағы "Ханшатыр" сауда ойын-сауық орталығының алаңында Ақмола облысы ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің жәрмеңкесі өтіп жатыр. Жәрмеңкеге өңірден 404 млн. теңгенің өнімдері жеткізілді. 

«Ақмола облысының ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер негізінен ет және сүт, көкөністер алып келді. Жеткізілген өнімдердің жалпы көлемі 1 мың тоннаға жуық. Күндіз осы тауарлардың барлығы сатылады деген жоспарымыз бар. Өнімдер ешбір делдалсыз жеткізілгендіктен, оның бағасы нарықтық құнына қарағанда 15-20 пайызға арзан саудалануда»,-деді басқарма басшысы.

Атап айтқанда, ет және ет өнімдері -344,9 тонна, сүт өнімдері - 38,9 тонна, ұн - 71 тонна, картоп - 160 тонна көлемінде жеткізіліп отыр. 
"Ақмола облысы Астана аумағында азық-түлік белдігі бағдарламасын жүзеге асыру аясында елорданы жұмыртқамен және ұнмен 100 пайыз, ет және ет өнімдерімен 52 пайызға, сүт өнімдерімен 48 пайызға қамтамасыз етіп отыр",-деді М. Балпан.

Белгілі болғандай, 16 қазандағы мәлімет бойынша жыл басынан бері аталған облыстан Астанаға 50 мың тонна сүт өнімдері, 15 мың тонна ет және ет өнімдері, сондай-ақ 158 млн. дана жұмыртқа жеткізілді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!