Қостанайда үш баласынан ""тірідей" айырылыған ана үш жылдан соң қайта табысты

Фотография - Қостанайда үш баласынан ""тірідей" айырылыған ана үш жылдан соң қайта табысты

Азаматша қазір ішімдік ішпейтінін, жұмыс жасап, балаларының өзімен бірге тұрып жатқанын айтқан

198 0

Қостанай облысының Жітіқара аудандық соты 1976 жылы туған азаматша Ш.-ның пайдасына сот шешімін шығарды. Осыдан үш жыл бұрын үш баласына қатысты ата-аналық құқығынан айырылған әйел қайтадан аналық бақытқа ие болды. Сот оның 2004, 2005 және 2007 жылдары туылған балаларына қатысты ата-аналық құқығын қалпына келтірді, деп жазады облыстық соттың баспасөз қызметінен. 

Азаматша қазір ішімдік ішпейтінін, жұмыс жасап, балаларының өзімен бірге тұрып жатқанын айтқан. Сотта оның үлкен қызы анасының балаларға деген құқығының қалпына келтірілуін қалайтындығын, себебі оның түзелгенін, кіші інісі мен сіңілсіне қамқор екендігін айтқан. Балалар оны жақсы көреді және бірге тұруды қалайды.

Бұған дейін кәмелеттік жасқа толмаған балалардың қорғаншысы болған әжелері де қызының түзу жолға түскенін, бәрін түсінгенін және де ішімдікті қойып жұмыс істейтіндігін, жақсы ана болуға тырысып жүргендігін айтқан.

Қорғаншылық және қамқоршылық органының өкілі сотта азаматшаның өмір сүру салтын түпкілікті өзгерткендігін айтып, оның ата-аналық құқығын қалпына келтіруге қарсылық білдірген жоқ.


Тегтер:

қостанай сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!