Кентауда Бас мүфтидің қатысуымен жаңа мешіт ашылды

Фотография - Кентауда Бас мүфтидің қатысуымен жаңа мешіт ашылды

Салтанатты жиын "Әзірет Сұлтан" мешітінің Бас имамы Серікбай қажы Сатыбалдыұлының қасиетті Құран Кәрімді тиләуат етуімен басталды

987 0

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасыың төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының қатысуымен Кентау қаласында сәні мен сәулеті жарасқан "Балаби қары" атындағы зәулім мешіттің ашылу салтанаты өтті. Бұл туралы ҚМДБ баспасөз қызметі хабарлады.  


Салтанатты жиын найб мүфти, "Әзірет Сұлтан" мешітінің Бас имамы Серікбай қажы Сатыбалдыұлының қасиетті Құран Кәрімді тиләуат етуімен басталды. 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазрет Кентау қаласының 60 жылдық мерекесімен құттықтап, жаңа мешіт ел бірлігі мен ынтымағына қызмет ете берсін дей келе: "Құрметті бауырлар! Біздер қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған бейбіт, тыныш заманда өмір сүріп отырмыз. Құлшылық жасауға барлық азамат құқылы. Бабаларымыз жасырын түрде Жаратушыға жалбарынған кешегі атеистік дәуірді артқа тастап, имандылық жолын ұстануға толық мүмкіндік туған тәуелсіз елде күн кешудеміз. Біз бодандықтың қасіретін көрген елміз. Ал қазір, Құдайға шүкір, ешкім бізге неге намаз оқыдың, неге мешітке барып жүрсің демейді. Біз осындай бостандық заманның қадірін сезініп, Құдайға құл, адамға ұл болуды, имандылықты ту етуді мақсат тұтуымыз керек", - деді Бас мүфти. Сөз соңында дәстүрге сәйкес жаңа мешіттің кітапханасына қасиетті Құран Кәрімді тарту етті.

Осы сәні мен сәулеті жарасқан мешітті осы елдің тумасы ақын, кәсіпкер Рахым қажы Балабиев ақсақалдың ұрпақтары салып ел игілігне берді.

Мешіт хасбеті солтүстік батысқа қаратылған. Темірден иілген оюлы қақпалар орнатылған. Қақпаның оң жағына мешіт әдебін сақтау туралы тақта жазылған. Қақпадан кіргенде жайқалған шыршалар мешіттің сыртқы келбетіне сән береді. Мешіт алаңы 1,2 г/а шаршы метр жерді алып жатыр. Мешіттің айналасы көгалдандырылған және шыршалармен көркейтілген. Айналасына жарық сәулесі көмкеріліп, орнатылған прожектрлер күмбез бен мұнараларына жарық шашады. Мешіт бір қабатты, биіктігі 4 метр, ені 12 метр, ұзындығы 24 метр, көк түсті жеті мұнарасы мен күмбезі бар.

Ғимаратта дәрісханалар және намаз оқитын үлкен зал, сонымен қатар әйелдер намаз оқитын 70 адамдық арнайы бөлмесі бар. Үлкен залда 500 намазхан емін – еркін намаз оқиды. Имам бөлмесі қазіргі талапқа сай компьютермен, принтермен, сканермен, ксерокспен, сымтетікпен, факспен, кітап сөрелері және жиһаздармен жабдықталған. Кітапханада кітап сөрелерімен қоса оқырмандарға кітап оқуға жағдай жасалынған.  



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!