"Әзірет Сұлтан" мешітінде жаңа оқу жылы басталды

Фотография - "Әзірет Сұлтан" мешітінде жаңа оқу жылы басталды

сурет Muslim.kz сайтынан

"Әзірет Сұлтан" мешітінде дәріс алатын шәкірттер саны жылдан-жылға көбейіп келеді

335 0

Астана қаласының ажарын арттырған "Әзірет Сұлтан" мешіті ашылғалы бері тек құлшылық ордасы ғана емес, білім мен ғылымның орталығы ретінде жұмыс істеп келеді. Бұл – еліміздің бас мешітіне Елбасымыздың өзі жүктеген міндет. Бүгінде сол міндеттің үддесінен үздік көрсеткіштермен көрінген "Әзірет Сұлтан" мешітінде дәріс алатын шәкірттер саны жылдан-жылға көбейіп келеді. Мешіттегі діни сауат ашу курстары тегін жүргізіледі,-деп хабарлайды  "Әзірет Сұлтан" мешітінің баспасөз қызметі.

Жыл он екі айға сәйкестендіріліп жасалған жоспар бойынша жаз айында мешіттегі діни сауат ашу курстары өз жұмыстарын аяқтап, күз кезінде жаңа оқу жылы басталады. Ал, мамыр айында біржылдық және екіжылдық оқу курсын аяқтағандарға арнайы "Әзірет Сұлтан" мешітінің сертификаты табысталып отырады.

Арабша хат танып, әрбір әрпі сауапқа тұнған қасиетті Құран Кәрімді тұпнұсқасынан оқуды ниет етіп, "Әзірет Сұлтан" мешітінің діни сауат ашу курсына биыл тіркелген ерлер саны 189 болып отыр. Ал, ақжаулықтылардан 142 кісі жазылған.

Бұдан бөлек, діни сауат ашу курсының жалғастырушы тобында 103 ер кісі мен 72 әйел шәкірт дәрістерін ары қарай жалғастыратын болады. Бүгінде "Әзірет Сұлтан" мешітінің діни сауат ашу курсында білім алып жатқан шәкірттердің жалпы саны 508-ді құрап отыр. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!