Павлодар облысында 97-ші мешіт ашылды

Фотография - Павлодар облысында 97-ші мешіт ашылды

Шарбақты ауданының 100 жылдың тарихы бар Александровка ауылында мешіт бой көтерді

1221 0

Шарбақты ауданының 100 жылдың тарихы бар Александровка ауылында мешіт бой көтерді. Бұл – Павлодар облысындағы 97-ші мешіт.

Мәшһүр Жүсіп орталық мешітінің баспасөз хатшысы Амантай Тойшыбайұлының айтуынша, нысанның құрылысы 3 айдың ішінде аяқталған.

Александровка ауылындағы "Шәпи" атындағы жаңа мешітті салуға мұрындық болған ел азаматы, кәсіпкерлер – Әрбиевтер әулеті.

Салтанатты шарада сөз алған облыс әкімі Қанат Бозымбаев ауылдықтардың қуанышына ортақтасты.

"Жаңадан ашылған Алла үйінің ынтымақ пен рухани достыққа шақыратын орынға, имандылық жолындағы рухани білім ошағына айналуына тілекшіміз.Тәуелсіздік алған жылдары Павлодар облысында 4 ғана мешіт болса, қазіргі таңда олардың саны 100-ге жақындап қалды. Бұл аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуымен қатар рухани құндылықтарымыздың да жанданғанын білдірсе керек. "Талап – пендеден, қолдау – тәңірден" дейді дана халқымыз. Талапты азаматтарымыздың ізгі істері оңға басып, құлшылық еткен әрбір адамның ыстық-ықыласы Алладан қолдау тапсын", - деді аймақ басшысы.

ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы да игі тілегін білдірді.

"Жаңадан соғылып, пайдалануға берілген мешітке жамағат болып намазға келушілердің қатары көбейіп, асқақ дініміз исламның мәртебесі өсе берсін, мешіт салу- Алланың тарапынан берілген үлкен сый. Жаңа мешіт имандылықтың темірқазығына айналсын!", – дейді рухани орданың жаңа имамы, «Нұр Мүбәрак» университетінің түлегі Серік Қаламхантегі.


BNews.kz




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!