Қысқы Астана елорданың тұрғындары мен қонақтарын қуантады

Фотография - Қысқы Астана елорданың тұрғындары мен қонақтарын қуантады

Қала тұрғындары мен қонақтары үшін жеке тұрғын алаптар мен кешендерде сырғанақтар жасалады

957 0

Қыс маусымында елорда тұрғындары, әсіресе, кішкентай балалар үшін дәстүрлі түрде мұз айдындар, сырғанақтар ашылады. Атап айтқанда, "Хан Шатыр" ОСО алдындағы алаңда қаладағы ең үлкен мұз айдыны пайда болады, аталмыш алаңда елорданың бас шыршасы да орнатылады. Астана қаласы әкімдігі жанындағы алаң мен Есіл өзені жағалауында да мұз айданы мен сырғанақтар ашылады. Сонымен қатар, Есіл өзені жағалауында түрлі мүсіндер орнатылатын қысқы қалашық бой көтермек. Елорда мектептері ауласында қосымша 11 мұз айдыны пайда болмақ, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Қала тұрғындары мен қонақтары үшін жеке тұрғын алаптар мен кешендерде сырғанақтар жасалады. Ағымдағы қыс маусымы кезінде Астана қаласы "Алматы" ауданында Ақбұлақ өзені бойында, "Жерұйық" саябағында және Оқушылар сарайы маңында осындай сырғанақтар пайдалануға беріледі. Қала тұрғындарының ыңғайлылығы үшін Пригородный, Ильинка және Заречный елді-мекендерінде де арнайы мұз айдындар ашылмақ. Коньки тебушілер "Арай" саябағында да өз уақыттарын тиімді өткізе алады. "Сарыарқа" ауданында бірнеше мұз айдын пайдалануға беріледі: Көктал тұрғын алабындағы "Наз" театры алдында және Өндіріс елді-мекеніндегі № 49 орта мектеп жанында.

Көктал, Өндіріс елді-мекендері мен 188, К. Байсейітова 3 көшелері бойында қосымша сырғанау алаңдары жасалады.

Қысқы Астана белсенді демалысқа құмар қала тұрғындары мен қонақтары үшін түрлі қызыққа толы болмақ.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!