Ақмола облысында нан бағасы қымбаттауы мүмкін

Фотография - Ақмола облысында нан бағасы қымбаттауы мүмкін

Ақмола облысында нан бағасы қымбаттағалы тұр. Жаңа жылға дейін нан шамамен 5 теңгеге жоғарылайды

1789 0

Ақмола облысында нан бағасы қымбаттағалы тұр. Жаңа жылға дейін нан шамамен 5 теңгеге жоғарылайды. Осыған орай бірінші қаңтардан бастап облыс бюджетінен нан бағасын бір қалыпта сақтау мақсатында қаржы бөлінетін болады. Мұндай ақпаратпен ауыл шаруашылығы облбасқарма жетекшісі Димаш Таласбаев бөлісті.

 Ақмола облысында нан бағасы орта есеппен 40-45 теңге арасында ауытқып тұр.

"Нан бағасын бір қалыпта ұстау үшін 2014 жылы қарашадан бастап қазанға дейін мемлекет тарапынан 449 млн теңге бөлінген болатын. Бұл ақша астық сатып алуға жұмсалды. Қазір бағдарлама өз мәресіне жеткен. Қазан-желтоқсан айларында билік осы бағытта қайтадан субсидия беруді жоспарлап отыр", - деп айтып кетті Д.Таласбаев.

Қазір Ақмола облысында нан бағасының сәл қымбаттағаны байқалады. Егер бұл үрдіс үзілмей жалғасатын болса, жаңа жыл кезінде нан бағасы 50 теңгеге жетері анық.

"Бірінші қаңтардан бастап облыс бюджетінен нан бағасын өсірмеу үшін қаржы бөлінетін болады", - деп нақтылады Димаш Таласбаев.

Атап кететін болсақ, Ақмола облысында наубайханалар орналасқан мекен тұрғындары қазіргі таңда нанды 35-40 теңгеге сатып алады.



 BNews.kz




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!