Айдана Меденова ана атанды

Фотография - Айдана Меденова ана атанды

Әнші мен жары Әлішердің отбасында қыз бала дүниеге келді.

2229 0

"КешYou" тобының экс-солисі Айдана Меденова ана атанды. Бұл туралы baistars.kz сайты жазады.

Әнші мен жары Әлішердің  отбасында қыз бала дүниеге келді.  Олар тұңғыштарын Әмина деп атауды жөн көріпті.

"Құрметтi менiң тыңдармандарым! Мен сiздермен өмiрiмнiң ең қуанышты сәтiмен бөлiскiм келедi. Ол әрине әрбiр қыз баланың армандағанындай өмiрге сәби әкелу, ана болу бақыты. Алланың қалауыменен бiздiң отбасымызға, жанұямызға кiшкентай бүлдiршiн, тұла бойы тұңғышымыз Әмина атты қызымыз дүниеге келдi! Бiрақ бұл қуанышымды сiздермен бөлiсуге асықпаған себебiм, әр нәрсе өз уақытымен болғаны дұрыс деп шештiм. Өздерiңiз бiлесiздер қазақтың ырымыменен балаға қырық күн толмай артық көзден, сөзден қорғағандықтан қуанышты хабарымды жеткiзуге асықпадым. Сiздер менi түсiнедi деген сенiмдемiн. Бiз сiздермен әрқашанда бiргемiз!", — деп жазды әнші Instagram парақшасында.

Естеріңізге сала кетейік, Айдана Меденова мен Әлішер Нұржанов наурыз айының 22 жұлдызында шаңырақ көтерген болатын.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!