СҚО-да құрылысшы әйел өртеніп жатқан пәтерден қос бүлдіршінді аман алып шықты

Фотография - СҚО-да құрылысшы әйел өртеніп жатқан пәтерден қос бүлдіршінді аман алып шықты

Құтқарушылар өртті сөндірді. Алдын ала болжам бойынша балалар сіреңкемен ойнаған

394 0

Ғ.Мүсірепов ауданы Чистополье ауылында 39 жастағы әйел өрттен екі кішукентай баланы құтқарып қалды. Бұл туралы СҚО ТЖД баспасөз қызметінен хабарлады.

"Күндізгі сағат 11-лерде №16 өрт сөндіру бекетіне пәтерден түтін шыққаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер пәтердің бөлмелерінің бірі отқа оранып жатқанын көрді. Оқиға куәгерлері үйде балалар болуы керек дегенімен, баспанада адам болмады", делінген хабарламада.

Кейін белгілі болғандай, жақын маңда тұратын көрші Илона Крутикова тілсіз жауды және үйдегі баланы көріп, 2 жасар қызды алып шығып, үйіне апарған. Бұл үйде екі бала бар екенін білетін ол өртенген үйге оралып, төрт жасар ұл баланы тауып алып, құтқарды. Жанып жатқан пәтерге оралған Илона үйден газ баллонын алып шықты. Кейін өрт сөндіру бөліміне оқиға туралы хабарлаған.

Құтқарушылар өртті сөндірді. Алдын ала болжам бойынша балалар сіреңкемен ойнаған. Әкесі жұмыста болған, анасы өз шаруасымен аз уақытқа сыртқа шығып кеткен.

Құтқарушы әйел 39 жаста, жергілікті фирмада құрылысшы болып жұмыс істейді.

 


Тегтер:

өрт СҚО

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!