"Astana Invest 2015" форумы аясында бірқатар меморандумдарға қол қойды

Фотография - "Astana Invest 2015" форумы аясында бірқатар меморандумдарға қол қойды

Астана қаласы әкімдігі мен "Қазақстанның инвестициялық қоры" АҚ тиісті меморандумға қол қойды.

237 0

Астанада өтіп жатқан "Astana Invest 2015" VI Халықаралық инвестциялық форум аясында Астана қаласы әкімдігі мен әкімдіктің бірқатар серіктестері арасындағы меморандумдарға қол қойылды. 

Атап айтсақ, Астана қаласы әкімінің орынбасары Нұрәлі Әлиев пен "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Әлина Алтынберген әкімдік пен "Бәйтерек" арасындағы меморандумға қол қойды. Меморандумның мақсаты -  тұрғын үй құрылысы, соның ішінде 2020 жылға дейінгі өңірлерді дамыту бағдарламасы бойынша тұрғын үй құрылысы бағытындағы шараларды тиімді жүзеге асыру,  индустриалдық-инновациялық және инфрақұрылымды жобаларды жүзеге асыру, шағын және орта бизнесті қолдау. 
Бұдан өзге, Астана қаласы әкімдігі мен "Қазақстанның инвестициялық қоры" АҚ тиісті меморандумға қол қойды. Сонымен қатар, қала әкімінің орынбасары Нұрәлі Әлиев пен ирандық компанияның президенті Али Акбар Зангине әкімдік пен ирандық "Pars Iran Group" компаниясы арасындағы меморандумға қол қойды. Бұл меморандум мектеп, жоғарғы оқу орындары, ауруханалар секілді әлеуметтік мекемелер үшін дайын тағам түрлерін шығаратын өндіріс құруға бағытталған. 




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!