Алматы облысында 370 апатты қоқыс үйіндісі бар

Фотография - Алматы облысында 370 апатты қоқыс үйіндісі бар

Жыл сайын аймақта 800 мың тонна тұрмыстық қатты қалдық жиналады

1345 0

Жыл сайын аймақта 800 мың тонна тұрмыстық қатты қалдық жиналады. Бұл қоқыстың жарты пайызы ғана қайта өңделеді. Мамандардың пікірінше, облыстағы тұрмыстық қатты қалдықтар полигондарына жағдай күрделі. 

 "Мәселен, Жаркент қаласындағы Панфилов ауданының полигоны әбден толып біткен. Бұл еш қоршаусыз, байланыссыз тіпті жарықсыз тұрған жер. Балқаш ауданының жағдайы да мәз емес. Жамбыл облысы Ұзынағаш ауылындағы қоқыс үйіндісі болса – ешқандай тазалық ережелеріне сай келмейді. Қарғалы ауылында шіріген қоқысты өртегенде, оның түтіні айналадағы аймақтарға тарап, өз зиянын келтіруде. Мұндай көріністер Еңбекші қазақ ауданы Есік қаласы мен сол сияқты бүкіл аймақ мекендерінде орын алған",- деп атап өтті Алматы облысы экология департаментінің жетекшісі Қонысбек Байеділов.

Арнайы полигондардың талаптарға сай келмеуінен кейінгі екінші өзекті мәселе – апатты қоқыс үйінділері. Экологтардың есебі бойынша, Алматы аймағында ондай үйінділер саны 370-ке жеткен. Қазір заңсыз лақтырылған қоқыс мың гектарға жуық жерді алып жатыр.

"Бұл экологиялық қауіпсіздікке төніп тұрған үлкен қатер. Қоқысты сақтау, сұрыптау және оны қайта пайдалану мәселелері барлық әкімдіктер үшін өзекті болып қала бермек. Бүгінде облыс аумағында 9 миллион тонна қатты қалдықтар жиналып қалған. Алматы қаласының өзі жыл сайын жарты миллион тонна қоқыс шығарады. Күн сайын лақтырған қоқыстың бәрін қала маңына шығарады. Ал бұл мәселе әлі күнге дейін өз шешімін таппаған: Сұрыптау мен қайта өңдеу жұмыстары жүрмейді. Ол үшін ешқандай зауыттар да салынбаған",- деп айтты облыс әкімі Амандық Баталов.

Сондай-ақ мал қорымдары да назардан тыс қалмады. Олардың жағдайы тым нашар. «Бұл – адам денсаулығы үшін жарылысы баяу жүріп жатқан бомба»,- деп айырықша атап өтті аймақ басшысы.

Дегенмен осы салада жұмыс жасаймын деушілер қатары жоқ емес. Өзге елдер қоқыстың өзінен ақша жасауды әлдеқашан үйреніп алған. Қалдықтардан құрылыс материалдарын, тыңайтқыштар мен элект энергиясын өңдеп шығаруға болады.

"Осыған орай қазір барлық аудан және қала әкімшіліктеріне үлкен міндет артылды. Қоқыстарды сұрыптау, қайта өңдеп, пайдалану жұмыстары қолға алынбақ. Сонымен қатар, жоғарыда айтып өткен қоқыс үйінділерін де ретке келтіріп, қауіпсіз жағдай орнататын боламыз",- деп хабарлады облыс басшысының баспасөз қызметі.


 Bnews.kz




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!