Транспорттық жобалау - "IVECO" компаниясынан

Фотография - Транспорттық жобалау - "IVECO" компаниясынан

Шеберлік сағатты «IVECO» компаниясының өкілі Антонио Джулио Ланованджело жүргізді.

372 0

Бүгін "Astana Invest 2015" Халықаралық инвестициялық форумның соңғы күнінде елордалық көлік саласы мамандарына "Транспорттық жобалау"  тақырыбында семинар өткізілді. Шеберлік сағатты "IVECO" компаниясының өкілі Антонио Джулио Ланованджело жүргізді.
Семинар барысында компания өкілі транспорттық жобалау микро және макро көлік модельдерін пайдалануға мүмкіндік беретінін атап өтті.
– Ең бастысы – көлік жоспарлау бұл жол бойындағы жүктемені азайту мәселелерін шешуге мүмкіндік береді. Бұл сіздің жағдайыңызда дұрыс шешім таңдауға көмектеседі, –  деді спикер.
Сондай-ақ, қоғамдық көліктердің бағытын дұрыс жоспарлауда маршруттардың нақты санын, тұрақтарды және өзге де мәселелерді білу абзал.
Бүгінгі күнде "Астана LRT" қызметкерлері елордада жол жүктемесін азайту мәселесін шешуге бағытталған модернизациялау жұмыстарын жалғастыруда. Жуырда Астана қаласының қоғамдық көліктерін модернизациялаудың үшінші кезеңі өтеді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!